Астана мен Шымкентте коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды. Осылайша кейстер саны жағынан Қазақстан әлемде әзірге 68-орынға тұрақтады. Ал өлім саны бойынша 77-орында. 

Астанада 70 жастағы және Шымкентте 58 жастағы азамат аурудан айыға алмай, қайтыс болғаны хабарланды.  Қазақстанда коронавирус инфексиясынан қайтыс болғандар 14 адам болды.

Денсаулық сақтау министрлігі 13 сәуір 23.40-та Қазақстанда 112 адамнан коронавирус табылғанын, оның 99-ы Алматы қаласынан шыққанын хабарлаған.

Соңғы мәлімет бойынша, вирус жұқтырғандар Қазақстанда 1091 адамға жетіп, 138-і сауығып шықты.

“The Qazaq Times”