Шұғыл штабтың мәліметі бойынша, жұқпалы дерт жұқтырғандар саны 800-ден асты. Әлемдегі кейстер саны жағынан Қазақстан әзірге 73-орынға тұрақтады

Кеше түннен бері тағы 21 адамның аты жаман індетті жұқтырғаны белгілі болды. Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Маңғыстау облысында – 2 адам, Қызылорда облысында – 4 адам, Атырау облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 4 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Қарағанды облысында – 4 адам, елордада – 1 адам.

Өкінішке қарай, өткен түні Алматы қаласында бір науқас көз жұмды. Бұл еліміздегі осы жұқпалы дерттен қайтыс болудың 9-жағдайы.

Нақтырақ айтқанда 802 кейс. Олар елдің барлық өңірінен:

  • Астана – 226;
  • Алматы қаласы – 122;
  • Қызылорда облысы – 104;
  • Ақмола облысы – 61;
  • Қарағанды облысы – 61;
  • Жамбыл облысы – 45;
  • Атырау облысы – 45;
  • Түркістан облысы – 34;
  • Шымкент қаласы – 31;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
  • Ақтөбе облысы – 11;
  • Алматы облысы – 10;
  • Маңғыстау облысы – 9;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6;
  • Батыс Қазақстан облысы – 6;
  • Қостанай облысы – 3;
  • Павлодар облысы – 3.

Ең өкініштісі, індет етек жая бастағаннан-ақ Қазақстанда 9 адам қайтыс болды. Үш мегаполисте (астана, Алматы, Шымкентте), Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстарында бір-бірден, ал Ақмола облысында 3 кісінің өлімін билік бұрынғы ауруларымен байланысты түсіндіреді.

Десе де осы уақыт аралығында ем алғандардың бірқатары дертінен айығып, үйіне жіберілген. 51 адам сауығып шыққан. Олар: астанада – 30, Алматы қаласы – 26, СҚО, Жамбыл, Павлодар және  Ақтөбе облыстарында – бір адамнан.

Елде алғашқы науқас 13 наурызда тіркелді. Қызылорда облысындағы жағдай мамандарды алаңдатып отыр.

Dadax комерциялық емес компаниясына қарасты Worldometer статистикалық ақпараттар базасы және АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша, әлемде қатерлі вирусқа шалдыққандар саны 1.6 милионнан асты. Сондай-ақ 95 мыңдай науқас қайтыс болса, 356 мың адам дертінен айықты. Осы дерекқорда Қазақстан 802 кейспен 73-ші орында тұр.

“The Qazaq Times”