Отандасымыз – Димаш Құдайбергенов Қытайдың Хунан телеарнасындағы "Әнші" жобасының 5-ші кезңінде, америкалық жұлдызды әнші Бруно Марстың (Bruno Mars) Uptown Funk әнін орындап көрермендерін тағы бір мәрте таң қалдырды.

Uptown Funk әні 2014-2015 жылдары Батыс әлемінде хит ән болып тараған. Бруно Марстың репертуарындағы танымал әндердің бірі. Ән британдық әнші композитор Марк Ронсон ( Mark Ronson) мен Бруно Марстың шығармашылығынан туған. 2014 жылы қарашада әншінің жинақ альбомында алғаш рет жарияланған.

Кезекті турда Димаш өзіне тапсырылған әнді жоғары деңгейде орындап шықты. Айта кету керек, бұл реткі Димашқа жүктелген ән оның ән орындау стилінде жоқ. Димаштан өзгеше орындау шеберлігін талап етеді. Uptown Funk әніне жалынды, жылдам қимылмен әрлеу керек екені түсінікті. Алайда, Димаш ән мен көрермен талабынан бірдей шығып, ән орындаудағы үздік нәтижені көрсетті.

Қытай басылымдарынан Димаштың кезекті ән орындауы турасында сүйінішті пікірлер көруге болады. Димаштың бойынан бұрын байқамаған қызуқандылықты көргендей болдық деседі. Тіпті видеодан көргендеріңіздей Димаштың қолына таққан сақинасының ұшып кетуі мен киімінің шешіліп кетуі де көп сөзге тиек болып жатса керек. Қытай басылымдары Димаш Uptown Funk әнімен аудиторияны шектен тыс толқытып жіберді дейді.

“The Qazaq Times”