Қазақстандағы ауыл әкімдерін енді тұрғындардың өздері сайлайды. Бұл туралы Мәжіліс жиынында Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.

Ведомство басшысы қазір "Сайлау" туралы заңға өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты. Соған сәкес, енді аудандық округ яки ауыл басшыларын бұқара дауыс беру арқылы сайлайтын болады. Олар 4 жыл мерзімге сайланады.

Әзірге Қазақстандағы ауыл әкімдерін аудандық мәслихат депутаттары сайлайды. Олар аудан әкімдері ұсынған кандиттарды іріктеп, озығын  лауазымды орынға тағайындайды.

“The Qazaq Times”