Талдықорғанда жас әдебиетшілердің алғашқы форумы ұйымдастырылды. Қазақстан Жазушылар Одағының мұрындық болуымен өткен жиын 2 күнге жалғасты.

Еліміздің барлық аймағынан келген жас қаламгерлер әдебиеттегі соқталы дүниелерді талқыға салды. Кейін, келдек қаламды серік еткен дарынды жазушылар мен арынды ақындар "Рух" әдеби байқауының қорытындысы бойынша жарыққа шыққан кітаптың тұсауын кесті. Одан бөлек, облыс әкімдігі ұйымдастырған қос байқауда бақтарын сынады. Үздік деп танылған шығармаға "Ақ қауырсын" жүлдесі берілді. Форум соңында бірнеше қаламгер Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданды.

“The Qazaq Times”