Францияның президенті Эммануэль Макрон 23 сәуір күні Уашингтонға (Вашингтон) барып, Құрама Штаттағы мемлекеттік сапарын бастамақ. Бұл сапарында АҚШ үкімет басшыларымен сауда байланыс, Сүрия және Иран мәселелері туралы кеңеспек. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.

Франция президенті Макрон америкалық «Fox News» арнасының сұхбатын қабылдағанда, ол президенті Трампқа бір түп емен ағашын сыйлық ретінде ала баратынын, ол президент Трамптың бұл ағашты екі ел достығының символы ретінде қабылдауын және Ақ үй ауласында Франция мен АҚШ арасындағы берік қатынастың айғағы ретінде өсіп түруін үміт ететінін жеткізген.

Макрон екі ел достығы сонау Америка революция соғысы кезінен басталғанын да атап өткен.

Макронның сапары Трамп таққа отырғаннан бергі шетелдік лидерлердің АҚШ-қа жасаған алғашқы мемлекеттік сапары болмақ. Хабарға қарағанда,  АҚШ уақытымен 23 сәуір кеште Трамп Макрон мен оның ханымын кешкі асқа ұсыныс еткен. Ал сейсенбі күні Ақ үйде екі елдің үкімет басшылары қатысқан көлемді қонақасы болмақ. 25 сәуір күні Макрон АҚШ Конгресінде баяндама жасайды.

“The Qazaq Times”