Грузияның экс-президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Украинаның премьер-министрі болуға дайын екендігін айтты.

Ол ZIK телеарнасына берген сұхбатында: «Менің Украинада тұрып жатқаныма 13 жыл болды. Мен қалыпты жағдайда жұмыс істейтін Украина үкіметін құруды өз мойныма алуға дайынмын. Бірақ президент украин ұлтынан болуы тиіс» - деген.

Бұдан бөлек ол өзіне Украина президенті Петр Порошенконың бірнеше рет премьер-министр қызметін ұсынғандығын, бірақ одан бас тартқандығын айтқан.

“The Qazaq Times”