«Чейл Қазақстан» агенттігінің креативті принті, танымал Epica Awards еуропалық жарнама фестивалімен шығарылатын Brand Tribute 2017 жылдық басылымының беттерінен жарық көрді. Б9л туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Көптеген халықаралық байқаулармен салыстырғанда,  Epica Awards әділқазылар алқасы тәжірибелі редакторлар және маркетинг, жарнамада машықтанған басылым журналистерінен құралған БАҚ өкілдерінен тұрады. Бас кеңсесі Францияда орналалсқан фестиваль  өткен жылы 30-жылдық мерейтойын атап өткен болатын.

Жыл сайын шығарылатын Brand Tribute каталогі креативті кампанияларға қатысты әлемдік брендтердің жетістіктерін ерекше бағалай отырып, ең үздік жұмыстарды жариялап отырады. 2017 жылы басылым беттері Samsung брендіне арналған болатын.

AdAsia Ортаазиялық жарнама және маркетинг порталы Қазақстанның заманға сай жарнама индустриясын дамыту мақсатында халықаралық байқауларға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өткен.  Алайда Қазақстанның және көршілес елдердің көптеген жұмыстарын актуалды деп айту қиын.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Сондай-ақ, AdAsia ««Чейл Қазақстан» агенттігі  Орта Азия елдері ішінде AdAsia креативтілік рейтингі бойынша  бірінші орынға ие болған.

“The Qazaq Times”