Қырғызстан бір айдан астам уақыт бойы Қазақстан билігінің қыңырлығынан ЕАЭО елдерімен байланыс орната алмай отыр. Осыдан кейін кім Еуразиялық экономикалық одақты құлатпақ? – деді Алмазбек Атамбаев ұлттық кеңес отырысында сөйлеген сөзінде.

Қараша айының 15-сі күні Бішкек қаласында өтіп жатқан Ұлттық кеңес отырысында Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы дауға байланысты пікір білдірді. Онда ол: «Соңғы қаржы дағдарысы бізге қарағанда мұнай мен газға бай көршілерімізге ауыр соққы болып тиді. Біз Қырғызстанда валюта тербелісі мен ЖІӨ көрсеткішін көршілерімізбен салыстырғанда жоғары деңгейде ұстап қала алдық. Үлкен бизнес жасау үшін үлкен көлемдегі тұтынушы қажет. Сол себепті біз ЕАЭО-ға мүше болдық. Мен бұны дұрыс шешім деп есептеймін және алдағы уақытта біз аталмыш одақта қалуымыз керек. Мен бұл сөздерді не үшін қайталап отырмын? Себебі мен күнде ресейлік және қазақстандық БАҚ-ты оқимын. Онда «Атамбаев Еуразиялық экономикалық одақты құлатпақ» деп жазуда. Қырғызстан бір айдан астам уақыт бойы Қазақстан билігінің қыңырлығынан ЕАЭО елдерімен байланыс орната алмай отыр. Осыдан кейін кім Еуразиялық экономикалық одақты құлатпақ? Бұндай пікірді тек ақымақтар мен бұл жағдайды көргісі келмейтіндер ғана айтады. Қырғызстан Атамбаевтың "қырғыз елінің ішкі саясатына араласпаңдар" деген сөзі үшін қоршауда қалып отыр. Мені таң қалатыным ЕАЭО-ға мүше өзге мемлекеттер бұл мәселеге мүлде бас қатырмауда. Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының төрағасы Тигран Саркисян осы мәселені шешу үшін осы арада шыр-пыр болып жүгіруі тиіс болған. Бірақ олардың бұған түкіргені бар. Осыдан кейін олар Қырғызстан жайында әңгіме қозғайды» - деді.

Естеріңізге салайық, қазақ-қырғыз шекарасындағы дау қазан айының 10-ы күнінен басталған. Сол күнен бастап Қазақстан тарапы Қырғызстанмен арадағы шекараны күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшірген болатын.

“The Qazaq Times”