2017 жылдың 8 айында Қазақстан 2,4 млн тонна бидай экспорттаған және бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% -ға төмен. 

Ал баға көрсеткіші 10,1%-ға немесе 381 млн долларға дейін азайған. Бұл соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болып отыр. Мұндай төменгі көрсеткіш соңғы рет 2011 жылы тіркеліп, 8 айда 227,9 млн доллар ғана табыс әкелген, деп хабарлайды Finprom.kz.

Сараптама агенттігінің мәліметінше, әлемдік тауар нарығындағы жағдай қазақстандық астықтың пайдасына шешілейін деп отырған жоқ. Себебі биылғы жылы бидайдың тоннасы 158,2 долларға бағаланған, ал бұл былтырғы көрсеткіштен 0,3%-ға, 2012 жылғыдан 23,4%-ға төмен.

Жалпы Қазақстанның бидайын ең көп сатып алатын елдер Өзбекстан мен Тәжікстан. Алайда қазақстандық бидайды сатып алатын алғашқы бес елдің тізіміне биыл Ресей (3 орын) мен Иран (5 орын) кірмеген. Оның орнында Италия мен Қырғызстан тұр.

Ал жалпы сұранысқа келер болсақ, Италия қазақстандық бидайды сатып алуды екі есеге немесе 19,7 млн долларға арттырған. Десек те итальялық сатып алушылар үшін баға 11,6%-ға төмендетілген.

Ресей керісінше, Қазақстанның бидайын сатып алуды 2,7 есеге, Иран 26 есеге төментедіп жіберген.

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы құлдырап жатыр. Сондықтан кейбір елдердің осылай импорттан бас тартуы Қазақстан үшін оңай болмайын деп тұр.

“The Qazaq Times”