Трамп үкіметі кеше, бейсенбі күні хабарлама жариялап: «Бір ғана ядролық бағдарлама себебінен Солтүстік Корея басшысының билігін құлатуға тырыспаймыз. Сонымен бірге, Солтүстік Корея үкіметі дұрыс күн тәртіпті жолға қойса біз де келіссөз мүмкіндіктерін қарастырамыз», – деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон сөзінде: «АҚШ тарабы Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламадан бас тартуы бірден бір бейбіт келісімнің кілті деп қарайды», – деді. Ол кеше FOX News арнасына берген сұхбатында: «АҚШ Солтүстік Кореяның режимін құлатуға тырыспайды, біз тікелей бұл елдің саяси ұстанымымен күрес жасап отырғанымыз жоқ, немесе оны қуаттамаймыз», – деген пікірін айтты. Тиллерсон сұхбатында Трамп үкіметінің  Қытаймен бір жүйелілікке келуге (Корей түбегі мәселесінде) тырысып отырғанын айтты. Бұл туралы Қытай тарабы Корей түбегінің ядросыздануын қолдайтындығын айтып отыр.

Тиллерсон: «Америка күтеді, тек қауіп-қатерді бақылап отырамыз. Қанша ұзақ күту керек болса, сонша күтеміз», – деп кесете айтты. Ол бүгін өтетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жоғары отырысында Сол.Корея мәселесін ортақ тақырып етіп көтермекші.

АҚШ президентінің ең жоғары көмекшілерінің айтуынша, Трамп Солтүстік Кореяны Құрама Штаттың ұлттық қауіпсіздігіне бірден бір қатер төндіруші деп санайды екен.