Әзербайжан республикасының Қорғаныс министрлігі Ресейден жаңа әскери қару-жарақ сатып алғанын хабарлады. Бұл туралы "Фарс" баспасөізнің ресми сайтында жарияланды.

Ресей-Әзербайжан арасындағы қару-жарақ сатып алу келісімі бойынша, осы әскери қару-жарақтар Каспий теңізі арқылы,  Баку портына жеткізілді. Әзербайжан Қорғаныс министрлігі ресейлік әскери мамандардың осы құралдарды қолдануды, елдің әскери мамандарына үйрететінін мәлімдеді.
Таулы Қарабақ мәселесіне байланысты, Баку мен Ереван арасындағы күн сайын шинелісіп бара жатқан жаулықтың соңғы нүктесінің қашан қойылары белгісіз. Осы ретте, Әзербайжанның ресейлік әскери қарулармен күшейуі Ереванға тіптен ұнамасы анық.

“The Qazaq Times”