Оңтүстік Корея  «Yonhap» ақпараттық агенттігі атын атағысы келмеген ақпарат агенттінің берген хабарына сілтеме жасап, Солтүстік Корея жағы Пиоңяң (Пхеньян) халықаралық әуежайында елден шығып кетуге тырысқан америкалық азаматты тұтқындаған. Америкалық танымал басылымдардың айтуынша, бұл екі ел арасындағы шиеленістің ошағын тіпті де қыздыра түсетін әрекет.

«Korea Times» басылымының хабарына қарағанда, Солтүстік Корея жағынан күдікті ретінде қолға алынған 50 жастағы америкалық ер адамның аты Тони Киң, корей тіліндегі есімі Ким Саң Дак. Кореяда туылған Америка азаматы. Осыған дейін терістік корей елінде білім берумен айналысқан.

CNN  арнасы 24 сәуір күні Солтүстік Кореядағы Швеция елшілігінің өкілі айтқан сөзге сілтеме берген. Айталық: «Біз 22 сәуір күні тұтқындалған америкалық азамат туралы әлдеқашан хабарлама алдық. Оған Пиоңяңнан ұшып кетуге тиым салыпты. Алайда, бұл туралы біз ешқандай түсініктеме тапсырып алғамыз жоқ», – деген.

Солтүстік Корея мен АҚШ арасында ешқандай дипломатиялық қарым-қатынас орнамаған.  2009 жылдан бері қарай 10 америкалық және өзге ел азаматы Солтүстік Корея жерінде күдікті ретінде қолға алынған.

Сеулдегі Дүниежүзілік ғылыми зерттеу орталығының меңгерушісі сол күні пікір білдіріп: «Корей түбегі шиеленісі ушығып тұрған жағдайда, ҚХДР-ның бұл әрекеті отқа май құйғанмен бірдей», – деді.  АҚШ-тағы “The New York Times” басылымы бұл туралы: «Солтүстік Корея тарихтан бері шетелдіктерді тұтқынға алып, оларды дипломатиялық қару ретінде пайдаланып келеді», – деп жазды.

Бұл Солтүстік Корея кейінгі үкіметі жағынан тұтқындалған 3-ші америкалық азамат. Бұдан бұрынғы екеуі: саяси үгіт-нәсизхат таратты деп айыпталған 22 жастағы колледж студенті Уаббил, өткен жылы наурыз айында 15 жылға «еңбекпен тәрбиелеу» алаңына жіберілді; 62 жастағы Кореяда туылған Америка азаматы Кин Док Жэге тыңшылық айып тағылып, өткен жылы сәуір айында 10 жылға сотталған. Бұдан тыс Корея-Канада азаматы Хен Су Лим де осыған ұқсас айыппен қамауға алынған болатын.

The Qazaq Times