Иран Каспий теңізі жағалауы елдерімен ынтымақтастық селбестікті күшейтуді көзге ұстап отырғаны белгілі. Бүгін «Парс.ақпарат» агенттігінің жариялаған хабарында Ираннан Ресейдің барлық қалаларына саяхат жасағысы келетін туристерге визаның жойылғаны мәлім болды. Екі ел арасында азаматтардың визасыз туристік сапар жасау түзімі жолға қойылды.

Иран Ислам Республикасының Мәдениет және туризм істері министрі Мұртаза Рахманий бұл істің шығысты азайтып, туристердің барыс-келісін жақсартып, сол арқылы екі елдің мәдени алмасуын арттыру мақсатында жолға қойғанын айтып отыр.

Иранның бүгінгі сыртқы саясаты көбінде Ресеймен серіктестік тұрғыда дамып отыр. Геосаясатта болсын, халықаралық экономика, сауда әріптестік қатынастарында да ең негізгі дипломатиялық серіктесі ретінде Ресей және Әзербайжан көзделіп отыр. ИИР-ның Каспий жағалауы елдеріне қаратқан назары айрықша. Соның ішінде Қазақстанмен де еларалық тасымал дәліздер жобасын бірлікте іске асырып келеді.

The Qazaq Times