Британияның Еуроодақта мүшелігін сақтап қалуға байланысты екінші референдум болмайды. Бұл туралы британиялық примьер-министр Тереза Мэй мәлімдеді. 

Примьер-министрдің Би-би-си арнасына берген сұхбатында: "Енді кері шегінер жол жоқ" - деп, биліктегілердің "брексит" жайында берген уәделерін сақтауға тура келетіндіктерін айтқан болатын.

2016 жылы жазда сайлаушылардың 52 пайызы  "брекситке" дауыс бергеннен соң елде екінші референдумға дайындық басталып кеткен.

“The Qazaq Times”