Кеше Италия президенті Серджо Маттарелла Мәскеуге ресми сапарымен келді деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

Маттарелла Ресейде 10 мен 13 сәуір аралығында болады. Ал РФ президенті Владимир Путинмен кездесу 11 сәуірге жоспарланып отыр. Екі ел басшылары Ресей мен Италия арасындағы саяси-экономикалық байланыстар мен халықаралық аренадағы күрмеуі шешілмеген мәселелерді талқылау мақсатында кездесіп отыр деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.

Маттарелла елдегі ресми сапарында примьер-министр Дмитрий Медведевпен және  всея Руси Кириллмен де кездесуді жоспарлап отыр. 11 сәуір күні Медведев пен Маттарелла энергетика саласындағы бірлескен жобаларды, өндіріс пен транспорт мәселелері бойынша ақылдаспақ.

Италия президенті Ресейге Владимир Путиннің ресми шақыртуымен келген болатын.

“The Qazaq Times”