Литва қарулы күштері Ресеймен  шекаралық аймақтан торпеда тапты -  деп жазады 15min.lt сайты.

Литвалық шекарашылардың айтуынша торпеданың сыртында орысша жазулар бар және оның тот басуына қарағанда судың астында көп уақыт жатқан.

4 сәуір күні Литва президенті Дария Грибаускайте Ресей тарапынан жасалатын кез келген арандатушы әрекетке Литва елі дайын екендігін айтқан. Ал Литва барлау қызметі  24-28 сағатта Ресей әскері Балтық жағалауы елдеріне соғыс ашуға дайын бола алатынын мәлімдеген.

“The Qazaq Times”