Куба Парламенті елдің бұрынғы көсемі, жақында ғана дүниеден өткен Фидель Кастроға табынуды және оның атында көше, қандай да бір нысан немесе ордень, титулдарға оның атын пайдалануға да тиым салды.

Кубаның қазіргі президенті Рауль Кастро Фидель Кастроның жеке басқа табыну үрдісіне қарсы болғанын айта келіп, Парламенттің бұл шешімі ағасының қалауына қайшы келмейтінін білдірді.

Кубаны жарты ғасыр билеген Фидель Кастро ел билігін 2008 жылы інісі Рауль Кастроға берген. Ал, өзі биылғы жылы, 26 қараша күні 91 жасында өмірден өткен.

«The Qazaq Times»