Қырғызстандағы конституциялық референдум онсызда ауыр саяси дағдарысты тіпті де ауырлата түсетіндей. Қырғыз қоғамындағы көптеген саяси топтар мен партиялар, азаматтық қоғам өкілдері Садыр Жапаров бастаған Ата заңды өзгертуге деген ұсыныстары елді регреске ұшыратады деп қауіптенуде. Азаматтық белсенділер мен зиялы қауым өкілдері биліктен референдумды тоқтатуды талап етуде.

Бас мизамның жаңа нұсқасын талқыға салған жиынғы экс-президент Роза Отынбаевадан тартып, экс-премьер-министр Феликс Кулов, Жоғарғы Кеңестің бұрынғы төрағасы Абдығаны Еркебаев және бұрынғы вице-спикер Қуанышбек Исабеков те бар. Қырғыз қоғамының белсенділері бір ауыздан жаңа нұсқаны жарамсыз деп сынға алды және Садыр Жапаровты билікті узурпациялады деп айыптады.  

Бішкектегі отырыста «Ата-мекен» фракциясының жетекшісі Текебаев та жаңа конституциялық жобаның билікті бір қолға топтастырып, нәтижесінде авторитаризмға алып келетінін алға тартты.

Ел осы жаңа нұсқаны ұсынғандардың бірі және жақында ғана президенттің қызметін уақытша атқаруын тоқтатып, президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынған Садыр Жапаров жаңа жобаны сынағандарды айыптады. Ол әлеуметтік желідегі сөзінде: «Бұл бір адамның немесе бір ғана топтың мүддесін қорғайтын заң емес. Жалпы елдің, мемлекеттік мүддесін көздеген ата заң. Бұл жобаға қарсы шығып жатқан ана басшының шынайы бет бейнесін бір-ақ күнде жайып салам», – деп жазған.

Осылайша Қырғызстанда бұған дейінгі саяси дау-дамайдан тысқары жаңа Конституция төңірегінде өз алдына бір саяси дау-шар басталып кетті. Жаңа конституция жобасын қолдап, сол бойынша референдум өткізуді жақтағандар парламенттік жүйеден бас тартып, президенттік жүйеге көшуді қолдап отыр. Ал, Роза Отынбаева бастаған бірқатар саяси партиялар бұл елді 20-30 жылға кері шегіндіреді деп санайды.

“The Qazaq Times”