Бүгін «Қазақ Таймс»-тың «Talk-Tor» сұхбат жобасына қонаққа қоғам белсендісі, «Тәуелсіз бақылаушылар бірлестігінің» мүшесі Ақмарал Қамбарқызы қатысты. Азаматтық белсенді былтырғы президент сайлауы мен алда келе жатқан сайлау төңірегінде бірқатар өткір ойларымен бөлісті.

Ақмарал Қамбарқызы алдағы сайлауда халық байкот жарияласа да, әлде билік партиясынан өзге партияға дауыс берсе де бұл билік үшін, оның партиясы үшін үлкен соққы болады деп санайды. Соған қоса, пандемия кезінде және түрлі әлеуметтік мәселелерде үнсіз қалған партиялардың сайлау кезінде «оянған» әрекеттеріне бірқатар сын-пікірлерін де жеткізді.

Осы және өзге де тақырыптарды сұхбаттан тыңдай аласыздар! Арнамызға жазылып, лайк басып, тәуелсіз журналистиканы қолдай кетулеріңізді өтінеміз!

“The Qazaq Times”