Дональд Трамптың сайлау штабы Висконсин штатындағы сайлау қорытындысын қайта санап шығу үшін 3 млн доллар бөлді. Трамп штабының пікірінше, дәл осы өңірлерде заңбұзушылық жиі тіркелген.

Штат билігінің айтуынша, сайлаушылардың дауысын қайта санау жұмысына шамамен 2 аптадай уақыт кетпек. Штат заңы бойынша үміткерлер жинаған дауыстардың арасындағы айырмашылық 1% кем болса, Трамп сайлау қорытындысын қайта қарап шығуын талап етуге құқылы. Шара Милуоки мен Дейн округтерінде ғана ұйымдастырылады.

Негізінен Висконсин штатында демократ Джо Байден 20 мың дауыс басымдықпен жеңіске жеткен болатын. Дегенмен, қорытынды ресми түрде әлі жарияланған жоқ.

АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтті. Трамптың қарсыласы демократ Джозеф Байден 270-тен астам дауыс жинап, сайлаудағы жеңісін жариялады. Республикалық партия өкілдері мен Трамп Байденнің жеңгенін мойындамады және сайлаушылардың дауыстарын санауға қатысты соттарға жүгінуге ниет білдірді. Себебі олар «сайлауда заң бұзушылықтар болды және Байденнің жеңіске жетуі үшін сыртқы факторлар ықпал етті», – деп санайды.

"The Qazaq Times"