АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауды жасырын талқылаған. Бұл туралы бұрынғы және қазіргі шенеунігтерге сілтеме жасай отырып The New York Times басылмы жазды.

Аталған басылымның көрсетуінше, Иранға шабуыл жасау мәселесі жабық есікте талқыланған, оған вице-президент Майк Пенс, мем.хатшы Майкл Помпео және қорғаныс министрінің қызметін атқарушы штаф жетекшісі қатысқан. Алайда, бұл қатысушылар президент Трамптың Иранға шабуыл жасау туралы ұсынысын қабылдамаған. Шабуылдан кейін жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін деген алаңдаушылықтарын жеткізе отырып, президентті райынан қайтаруға тырысқан.

Дегенмен, «Нью-Йорк Уақыт» жазған бұл ақпаратқа қатысты Ақ үй тарабы ешқандай пікір білдірген жоқ. Басылымның айтуынша, Трамп алға тартқан ұсыныс бойынша шабуыл нысанасына Иран орталық қаласы алынуы керек болған. Себебі, өткен аптада Иранда шекті мөлшерден 12 есе артық уран қорының бар екені мәлім болған еді.

“The Qazaq Times”