Садыр Жапаров өзінің Қырғызстан президентінің міндетін атқаруын тоқтатқанын мәлімдеді. Премьер-министр Жапаров президенттік сайлауға кандидаттығын ұсынып, сайлауға дайындалатынын білдірді. Б түстен бұрын өткен баспасөз жиынында Жапаров премьер-министр қызметін де тоқтатқанын мәлімдеді.

Қырғыз Конституциясына сәйкес президент міндетін уақытша атқарып тұрған тұлға, президенттік сайлауға қатыса алмайды. Жапаровның президенттік уақытша міндетін атқарушы өкілеттілігі автоматты түрде Жоғары Кеңестің төрағасы, бұл мансапқа жақында ғана отырған Жапаровтың жақын досы Талант Мамытовқа өтті. Ал, премьер-министр болып бұған дейін Жапаровтың орынбасары болып келген Артем Новиков тағайындалды.

Президенттікке талапкерлерді анықтауға екі күн қалды. Қырғызстан Орталық Сайлау Комиссиясының мәліметіне қарағанда талапкер өз өтінішін әкеліп тапсырғаннан бастап президенттікке талапкер қатарында саналады. Қазірше, президенттіке өз кандитаттығын ұсынғандар саны 16, оның арасында елдегі ықпалды саясаткер, «Бүтүн Қырғызстан» партиясының лидері Адахан Кемсанбайұлы Мадумаров та бар. Ал, президент сайлау 10 қаңтарда өтеді деп белгіленген.

Қырғызстанда Садыр Жапаровты қолдаушылармен қатар оны билікті басып алды және конституциялық жолға салудың орнына конституция шеңберінен шығып, билікке өз адамдарын топтастырды деп санайтындар да бар. Қырғыз Ата заңына сәйкес бұл уәждер негізссіз емес. Айталық, президент міндетін атқарып тұрған кезінде ол конституциялық реформаларды бастады, ал конституция президент міндетін атқарушы тұлғаға ондай мүмкіндік бермейді.

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Садыр Жапаровтың БАҚ өкілдерімен өткізген жиыны бір жарым сағатқа созылды. Қырғызстандағы отандық және шетелдік 86 ақпарат құралы қатысты.

“The Qazaq Times”