«Арменияның қазіргі премьер-министрінің тұсында біздің бейбіт келісімге келуіміз жоққа тән», – деді Илихам Әлиев BBC-ге берген сұхбатында. Әзірбайжан басшысы Арменияның әскери күштері Таулы Қарабақтан шығып кеткенде ғана әскери әрекеттерді тоқтататынын қайталады.

Жексенбі күні Баку тарабы Таулы Қарабақтың орталығы саналып келген және стратегиялық жақтан аса маңызды Шуша қаласын өз бақылауына алғанын мәлімдеді. Президент Әлиев әлеуметтік желідегі парақшасында Шушадағы жеңісті әкесі Гейдар Әлиевке бағыштағанын жазды.

Оның айтуынша Таулы Қарабақ мәселесі бойынша бейбіт келісімге келудің мүмкіндігі барған сайын азайып бара жатыр, себебі Әзірбайжан тарихи территориясын қайтарып алу үшін көп күш жұмсауда.

Армения тарабы Шушадан айрылғанын растаған жоқ, дегенмен Шуша қаласы үшін талас ұрыстар болып жатқанын білдірді. Бірақ, Әзірбайжанның Қорқаныс министрлігі шаһарды толығымен иелегендерін, Армения жақтың ақпаратты бұрмалап жатқанын айтты.

Шуша қаласын Әзірбайжан иелесе онда ешкім мойындамаған автономияның орталығы Степанакерт те әне-міне Әзірбайжан қолына өтеді дей беріңіз. Себебі, стратегиялық аса маңызды бұл қала Таулы Қарабақтың символы. 1992 жылғы соғыстада Шуша соғыстың бұрылысы қатарында бағаланған.

Шушаның «әзір» ағайындарға қарағаны туралы жаңалықпен қатар, тағы бір маңызды оқиға болды. Тап осы тұста Түркия СІМ басшысы Мевлют Шавушоғлу мен қорғаныс министрі Хулуси Бакуге барған. Презилен Әлиев пен түркиялық делегация ұзақ кеңес өткізген.

“The Qazaq Times”