АҚШ-тың Орегон штатының губернаторы Кейт Браун Портлендке Ұлттық гвардияны енгізу туралы бұйрық шығарды.

USA Today газетінің хабарлауынша, бұған наразылық шерулеріндеорын алған тәртіпсіздіктер себеп. Қазірдің өзінде құқық қорғау органдары «кең ауқымды құқық бұзушылықтарды» тіркеген. Вандализм актілері туралы хабарламалар да тіркелген.

«Губернатордың бұйрығымен біз бірлесіп жұмыс істеуді, қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін ресурстар және ақпаратпен қамтамасыз етуді жалғастырамыз», – дейді жергілікті құқық қорғау органдарының баспасөз қызметі.

Портлендте демонстранттардың екі тобы шеруге шыққан. Тоғыз адам ұсталған.

Еске сала кетейік, 3 қарашада Америкада президент сайлауы өтті. Нәтижелер әлі анықталған жоқ, дауыстар есептеліп жатыр. Сайлаудан кейін кейбір штаттарда Трамптың билігіне қарсы шеру өтсе, кей аймақтар «демократ Байден дауыстарды ұрлады, сайлау әділ өтсін!» деген ұранмен шыққан.

"The Qazaq Times"