Жаңадан шымылдығын ашқан «Қарадала» халық театры Абайдың «Ескендір» поэмасын сахналады.

2 қарашада  Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ұйғыр ауданында шымылдығын ашқан «Қарадала» халық театры  А.Құнанбаевтың поэмасының желісімен «Ескендір» қойылымының премьерасына арналған пресс-конференция өткіріп қойылымды көрсетті. Атаулы шараға ҚР Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, сондай-ақ Алматы облысы мәслихатының депутаты - Ызғарбек Бектұрсынов, қоюшы-режиссер - Асқар Наймантаев және аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханов қатысады.

«Ескендір» - Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Шығарма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызға құрылған. Автор Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Пьесада жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды.

Алматы облысы мәслихатынің депутаты Ызғарбек Бектұрсынов ақсақал Нарынқолда «Хантәңірі халық театрын» қайта ашып жатқанын естіп, «Қарадала өңірінде де осындай өнер ошағы ашылса, соған жөн сілтеп, жол көрсетіп жіберші?»-деп Асқар Наймантаев пен белгілі продюсер Едіге Қожахметті Шонжыға шақырады. Аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханов, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрәкім Есжанов,  Мәдениет үйінің директоры Салтанат Ермұхаметова, өнер жанашырлары Жәннет Керімқұлов, Қанат Сартоловтар қатысқан ақылдасу жиыны Асқар Наймантаевтың осы театрды ашу үшін алғашқы қойылымды қоюға келісім беруімен аяқталады. Сол күннен бастап Ызғарбек ақсақал «Қарадала халық театры» - деп ат қойған театр дайындық жұмыстарын бастап, Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын сахналау жұмысы басталып кетеді.

Шығарманың авторы – Абай Құнанбайұлы. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Асқар Наймантаев.

"The Qazaq Times"