АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) бірнеше мемлекетке қатысты санкциялық тізімді жаңартты.

Қатаң қаулыға енгізілген мемлекеттер қатарында Иран, ҚХР, Үндістанның заңды тұлғалары, Сингапурға тиесілі екі ұйым және Қытайдың бес компаниясы іліккен.

Ресми ведомство таратқан хабарламада: «Басқарма Triliance Petrochemical Co компаниясының делдалдығымен Иран мұнай-химия өнімдерін сатуға және сатып алуға қатысқаны үшін сегіз ұйымды санкциялар тізіміне енгізеді. Ltd 2020 жылдың қаңтарында санкциялар тізіміне енгізілген. Иран, Қытай және Сингапурға тиесілі бұл ұйымдар Triliance Petrochemical Co ұйымдастырған операцияларға қатысқан», – делінген мәтінде.

Ведомствоның хабарлауынша, Иран Таяу Шығыс пен Венесуэладағы жағдайға араласып, компанияларын «заңсыз» қаржыландыру үшін мұнай сатумен айналысқан. АҚШ санкцияларына енгізілген адамдар мен компаниялардың барлық меншігі мен мүліктік мүдделері Құрама Штат аумағында бұғатталды. Америка азаматтарына олармен кез-келген іскери операцияларды жүргізуге қатаң тыйым салынды.

"The Qazaq Times"