Екі күн бұрын (жергілікті уақыт 27 қазан 17:00 шамасында) Гонконгтағы АҚШ консулдығына 4 гонконгтық жас саяси баспана сұрай барған. Оларды бастап барған Уаң Тоң есімді студент Гонконгта туылған АҚШ азаматы, ол өзге үшеуіне Құрама Штаттардың қорған болуын сұраған. Дегенмен, АҚШ консулдығы оларды кері қайтаруына тура келген.

Аталған Уаң Тоң есімді студент кеше америкалық ақпарат агенттігіне сұхбат берген. Оның айтуынша оларды ұлттық қауіпсіздік қызметі бақылап жүр, олар өз қауіпсіздігі үшін АҚШ консулдығынан көмек сұраған. «Біз бәріміз ұлттық қауіпсіздік органдарының бақылауындамыз, антикоммунистік мәлімдемелер жасадық, сондықтан жеке қауіпсіздігіміз үшін алаңдаймыз», – деген Уаң Тоң.

Анығында олардың қатарында 5 адам болған және АҚШ консулдығына 27 қазан таңғы сағат сегіздер шамасында баруды жоспарлаған, алайда ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері тарабынан біреу тұтқындалып, қалғандары уақытша бас сауғалап тұрған. Консулдық олардың талабын қанағаттандыра алған жоқ

«Шындығында, олар менің жағдайымды, менің Америка азаматы екенімді және Гонконг полициясы мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мені іздеп жатқанын біледі. Талқылаудан кейін олар маған мені қорғау үшін көп нәрсе жасай алмайтындықтарын айтты», – дейді аталған студет.

Жаңа ұлттық қауіпсіздік заңы қабылданғаннан кейін Гонконг жастарының ой мен сөз еркіндігі айқын шектеле бастады. Гонконг полициясы мен ұлттық қауіпсіздік қызметінің азаматтарды саяси көзқарастары мен наразылық әрекеттері үшін қудалай жиілей түскен.

“The Qazaq Times”