Таулы Қарабақ үшін Әзірбайжан мен Армения кескілескен ұрыс салып жатыр. Таулы Қарабақты Әзірбайжандікі дейтіндер де, басып алынған территорияны Арменияға телігісі келетіндер де табылып жатыр. Ал, Украина болса әуел бастан ашық пікірмен Әзірбайжанды қолдап келеді.

Украинаның бір емес бірнеше ықпалды саясаткерлері Таулы Қарабақ жөнінде өз пікірлерін БАҚ-ына ашық жеткізді. Олар таласты өңір Әзірбайжанға тиесілі, соғысты тоқтату үшін Армения қарулы күштерін кері қайтару керек деген позицияда.

Екі күн бұрын Украинаның парламент депутаты Рустем Умеров түркиялық ақпарат агентігінің сұхбатын қабылдаған, ол сұхбатында Украина билігі Таулы Қарабақты талассыз Әзірбайжанға тиесілі деп санап келгенін айтқан. Ол Таулы Қарабақ мәселесі бойынша бірқатар елдер мен халықаралық ұйымдардың позициясын сынға алған. «Кейбір елдер мен халықаралық ұйымдар Арменияны жаулаушы ел ретінде атамай отыр», – деген Умеров.

“The Qazaq Times”