Белгісіз топ АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының веб-сайтын бұзып, біраз уақыттан кейін оны қалпына келтіріп үлгерген. Бұл туралы Twitter-де президенттік сайлау науқанының баспасөз хатшысы Тим Мертау хабарлады.

«Трамптың үгіт-насихат сайтына шабуыл жасалды. Біз құқық қорғау органдарымен бірге хакерлерді анықтаумен айналысып жатырмыз. Сайтта сақталмағандықтан құпия мәліметтере қол жеткізілмеген», – деп жазды Мертау.

Сйлауалды штабтың веб-сайтына хакерлер: «Әлем президент Дональд Трамптың күн сайынғы жалған ақпараттарынан жалықты. Әлемге шындықты айтатын уақыт келді. Трамп мен оның отбасына қатысты бірнеше құрылғы бұзылды», – леп жазылған.

Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, хакерлер «құпия ақпаратқа» қол жеткізе алған. Оның ішінде Уашингтон әкімшілігінің «коронавирустың пайда болуына» қатысуы, Ақ үй басшысының басқа мемлекеттермен сайлау нәтижелерін өзгерту туралы келісім жасағаны жайлы мәліметтер бар делінген. Сонымен қатар криптовалютаның электрондық әмияндарының мекен-жайы көрсетілген.

Айта кетейік, АҚШ-тағы президенттік сайлау 3 қарашада өтеді. Саяси додаға қазіргі президент Дональд Трамп пен демократ Джо Байден қатысады.

"The Qazaq Times"