Әзірбайжан мен Арменияның ортасындағы қақтығысқа Ресей ара ағайындық жасап келіссөзге шақырып еді, баянды болмады. Келісім уақыты бастала сала бұзылды. Өткен апта АҚШ ара ағайын болып, екі елдің СІМ басшыларын шақырды. Оқ атыспау туралы келісім бүгін, 26 қазан басталды.

Әзірбайжан мен армян СІМ басшыларынің кездесуінде АҚШ мем.хатшысы Майкл Помпео болған еді, жексенбі де президент Трамп екі ел өкілдерінің Уашингтонды сыйлап, келісімге мақұл болғаны үшін алғыс айтып мәлімдеме жасады.

Бейсенбі күні Таулы Қарабақ мәселесі бойынша Женевада ЕЫҚҰ да талқылайтын болады. Бұған да екі елдің СІМ басшылары барады деп күтілуде. Еуропалық ұйым да тыныштықты жақтаған болып отыр.

Бір қызығы, бүгін бейбітшілікті, оқ атпауды, тыныштықты бұзбауды қолдай қалған Батыс пен Ресейдің Таулы Қарабақта бейбітшілік бұзылып, миллиондаған босқындар баспанасын тастап кеткен 30 жылдан бері үнсіз отырған.

“The Qazaq Times”