АҚШ-тағы президент сайлау әлемдік өзгерістер тұсында, айтулы тарихи жағдайда өткелі жатыр. Кезекті сайлау АҚШ пен оның негізгі одақтасы Еуропалық Одақ арасындағы мәмілелердің салқындаған тұсында, жаһандық індеттің қарсаңында және әлемнің алдынғы екі экономикасы АҚШ-Қытай қайшылығы кезеңіне тұс келді.  АҚШ-тағы саяси топтар ғана емес, бүгінге дейін салтанат құрған құндылықтардың арасында да бәсеке болуда. Сондықтан да ол дүние елдерінің назарын аударып отыр.

Жаһандік індеттің ықпалы

Демократтардың үкілеген жүйрігі Жоу Байден билікке келсе Құрама Штаттардағы індеттің таралуына қандай өнімді шара алып келеді, ол жағы беймәлім. Бірақ, оның қазіргі президент Дональд Трампқа қарсы қолданып отырған өткір қаруы АҚШ-тағы індет жағдайы.

Жасырары жоқ, Құрама Штаттар әлемдегі ең үлкен экономикаға ие, көп жақтан көшбасшы ел бола тұра кезекті індетте ең ауыр зардап тартқан ел болды. Бұның себебі пандемияның алғашқы кезеңінде президент Трамптың індетке қарсы күрестен көрі Қытайдың жауапкершілігіне көбірек басымдық беруінде дейтін сарапшылар көп. АҚШ-тың мемлекет басқару жүйесі мен қоғамының мейлінше ашықтығы былайғы күнде әлем елдері үшін үлгі болып саналғанымен, пандемия кезінде кері әсерін көрсетті. Бұл Трамптың елдегі қолдау рейтингіне де кері әсер етті.

Қазір, Трамптың қарсыласы Байден АҚШ-тағы індеттің зардаптары үшін Трамп әкімшілігін айыптайды. Бұл оның сайлаудағы Трампты «тұқыртатын» соққысына айналды. Осыған қарап, кейбір сарапшылар АҚШ-тағы індет жағдайы Трамп үшін сайлауда кері әсер етеді деп болжайды.

АҚШ пен Қытай сауда соғысының алдында. Фото: Daily Express.

Қытай ықпалы және Қытайдағы ақпараттық пропоганда

«Қытайдың Covid-19 вирусымен күресі Коммунистік партиясының басқарудағы стратегиялық жетілгенін көрсетті», – деді жақында Қытай басшысы өзінің ресми мәлімдемелерінің бірінде. Қытайдың авторитарлық режимі мен ақпараттық және қоғамдық цензурасы бұған дейін Қытайдың әлемдік имиджіне кері әсер еткенімен, жаһандық індет кезінде Қытай үшін оң әсерін берді. Бейжің билігі Қытайдағы індеттің таралуын жылдам бақылауға ала алды және індеттің таралуына қарсы шаралары өнімділігін көрсетті. Нәтижесінде Қытай өзінің індетке қарсы күрес шараларын әлем алдындағы имиджі қатарында көрсетуге тырысты.

Қазір Қытайдың экономикалық өсімі қайта жандануда. Әсіресе, маусым мен қыркүйек айларында Қытай экономикасының өсімі 4,9 пайызды көрсеткенін ресми мәлімдеме арқылы таратты. Қытайдың ресми мәліметтерінің қашанда шындыққа құрылмайтыны мәлім. Алайда, шетелдік сарапшылар да Қытайдың ішкі экономикалық белсенділігі біртіндеп қалыпқа келе жатқанына сенеді. Себебі, індетті тез ауыздықтаған Қытайда, әсіресе ішкі провинцияларында өмір сүру қалыпты жағдайға жақын. Дәл қазіргі кезде Қытайда дүкендер, тамақтану орындары, мектептер, университеттер ашық. Өнеркәсіп салаларында белсенділік қайта оянып келе жатқанын BBC-де растайды.

Қытай бұл нәтижеге ашық диалогтар, ғылыми талқылар арқылы жеткен жоқ, керісінше цензура мен күштік құрылымдардың қатаң бақылауында жетті. Бейжіңнің мемлкет басқаруындағы кемшіліктер пандемия тұсында артықшылыққа айналды десе де болады. Бірақ, бұл ҚКП басқару жүйесін қолдаған сөз емес.

Қытайдың жүргізіп жатқан қытайлық басқару жүйесі ғана пандемияға өнімді күрес жүргізе алды деген пропогандасын тура қабылдауға мүлде болмайды. Демократиялық және ашықтықты жақтаған Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия секілді елдер де індетке өнімді тұрыстық берді. Бұл індетке қарсы күшес үшін тоталитарлық режим абзылырақ деген Қытай пропогандасын теріске шығарады.

АҚШ пен сауда, кейіннен дипломатиялық және стратегиялық қайшылыққа келген Қытай үшін де Құрама Штаттың 90-шы президент сайлауының нәтижесі маңызды болмақ. Қытайда ақпараттар ашық емес, сондықтан елдегі жұртшылық АҚШ-тағы президент сайлауына қатысты тек біржақты мәліметтерді ғана алып отыр. Қытайдың ақпарат құралдары қазір өз елінің індетке қарсы нәтижелі күресі мен АҚШ-тағы індет жағдайының ауырлығын, президент сайлауы кезіндегі тараптардың қайым-айтысын, сондай-ақ, АҚШ қоғамындағы бөліністерді баса көрсетіп жатыр. Былайша айтқанда, «сайлауда кімнің жеңіп шыққаны маңызды емес, Америкалық басқару жүйесіндегі олқылықтар ашыққа шықты, әлемге болған әсері кері кетіп жатыр» деген сөздер қарша борап кетті.

Бейжің билігінің қарқынды ақпараттық пропогандасының нәтижесінде ел азаматтарының коммунистік режимге деген сенімі арта түскені байқалады. Бұл туралы шетелдік ақпарат құралдары да айтып өтті. Батыс елдері коронавирус індетінің салдарымен күресіп жатқанда Қытай өзінің стратегиялық қадамдарын басты және жаһандық имиджін түгендеуге тырысып жатты.

Не десек те, қазір әлемде тұрақсыздық басым. Бұған дейін экономикалық мүдделер қандай да бір идеологиялық қайшылықтардан билік тұрады деген теорияға ұқсас сөздер нық тұрушы еді. Тап қазіргі әлемнің бейнесінде бұл сөздің өзі күлкілі болып шыға келді. Қытай мен АҚШ қазір түпкі құндылықтар үшін экономикалық мүдделерді қайырып қоятындарын да көрсетті. Әсіресе, Қытай өзінің бұған келгенде «өлермен» екенін байқатты. Бұл оның Құрама Штаттарға жасаған «барымта дипломатиясы» әрекеттері және Тайуанға жасалған қысымдардан да көрініп тұр. Қытай өзінің әскери қадамдары арқылы өзінің анық әскери қақтығыстардан да қашпайтын, кері шегінбейтін ел ретінде көрсеткісі келгендей. Бірақ, бұл Қытайдың шексіз құдіретті екенін білдірмесе керек.

Жоу Байден туралы тосын ақпараттар америкалықтарды таң қалдыруда. Байден мен оның ұлының Қытаймен байланысы туралы ақпараттар АҚШ-ты кезіп жүр.

Қытай билігі АҚШ сайлауында кімнің жеңіске жеткенін қалайды?

Трамп АҚШ билігіне келгеннен кейін Қытайға қарсы саясатын қатаң ұстады. Ол Қытайдың әділетсіз сауда саясатын ұстанатынын, зиаткерлік меншік құқығын ұрлайтынын, технология мен ғылыми жаңалықтарды ұрлау арқылы өз өндірісін арттыратынын ашық сынады. Қытайдың халықаралық саясатын да «несие дипломатиясы» деп айыптады. Былайша айтқанда Бейжің еркін сауда келісімдерінен пайдаланып, өзінің стратегиялық мүдделерін алға жылжытты деп сынады. Соған сай Трамп әкімшілігі Қытай тауарларына және оның саясатына қарсы шараларды іске асырды.

2018 жылдан басталған сауда соғысы екі елдің экономикасына да өз ықпалын тигізді. Кейіннен «Қытай вирусының» тарқалуы да Уашингтон мен Бейжің мәмілесін одан сайын ушықтырды. Бұдан кейін қытайлықтардың Трамптың АҚШ билігінде қалуын қолдай қоюы екі талай. Көптеген Қытай азаматы Жоу Байденнің сайлауда жеңіске жетіп, Құрама Штаттарды демократтардың билігіне өтуін қалайды. АҚШ-тың барлау қызметі де Қытай лидерлері Трамптың сайлауда жеңілуін қалайды деген мәліметтерді де қорытындылаған.

Дегенмен, Қытайдағы кейбір саясаттанушылар бұған ұқсамайтын көзқарастың ұшын шығарды. Олардың пікірінше, Қытай лидерлері АҚШ-тағы президент сайлауында Трамптың қайталай жеңіске жеткенін қалайды. Олардың пікірінше, Трамп Қытайға қарсы қатаң саясат ұстанып, Қытайдың сауда саясатына тосқауыл қойғанымен, ол Байденге қарағанда АҚШ қоғамында көбірек бөліністі жаратты. Бұған қоса, Трамп тұсында Құрама Штаттар бірқатар халықаралық келісімдерден біржақты бас тартты, бұл әрекеттер АҚШ-тың халықаралық беделін әлсіретті, сәйкесінше Қытайды жаһандық лидерге жақындата түсті деп санайды.

Трамптың қарсыласы Жоу Байден Қытаймен тығыз мәмілені жақтап келеді, сол үшін ол кейбір саяси топтар, қоғам мүшелері жағынан сынға ұшырап та жүр. Бұндай ұстаным Бейжіңге майдай жағары анық, алайда домократиялық құндылықтарды биік бағалайтын Жоу Байден келсе Қытайға қарсы қысым тіпті де күшейіп кетуі мүмкін деген қауіптенулері де бар.

Қытайда қазіргі коммунистік биліктің жүйесіне деген сенім күшейіп жатқанымен, елдегі көзі ашық жастар әлі де АҚШ құндылықатарын жақтайтыны анық. Себебі, соңғы он жылдағы Құрама Штаттарда оқыған қытайлық студенттердің саны қазіргі Алматы қаласының халық санынан екі есеге көп. Олар АҚШ-тағы ашық қоғам мен Қытайдағы құрсаулы қоғамның парқын көргендер, бәрі дерлік АҚШ басқару жүйесін қолдамаған күнде де құндылықтарына деген қызығушылығы жоғары.

Сонымен

Сонымен, АҚШ-тағы президент сайлауы тарихи бұрылыс кезеңіне тұс келіп тұр. Сайлау нәтижесі қалай болса да ол АҚШ қана емес, жаһандық экономика  мен дипломатиялық байланыстарға өз ықпалын тигізелі. Қытай мен АҚШ қайшылығынан қарағанда, сайдауда кім жеңсе де АҚШ-Қытай мәмілесі жақын арада оңа қоймақ емес. Демократиялы құндылықтарды басты орынға қойған Жоу Байдан президент болса Қытаймен саудадағы мәліме жұмсарғанымен, адам құқығы және еркіндікті қолдау мақсатында Қытайдың Шыңжаңдағы, Тибеттегі әрекеттеріне қысымды күшейтуі бек мүмкін.

Қазіргі Қытай режимі тұтастай бір дәуірлерді алмастыруға асығып жатқандай. Олар адамзатқа ортақ құндылықтарда көш бастап тұратын АҚШ-тағы құндылықтардың шайқала түсуін қаласа керек.

 “The Qazaq Times”