Халықаралық ұйымдар Қырғызстандағы саяси жағдайға алаңдаушылық білдірген мәліметтер таратуда. Бұлардың қатарында БҰҰ мен Еуроодақ та бар. Ал, Қырғызстанда Жоғарғы кеңес кезектен тыс жиын өткізіп, президенттің отставкасын қабыл алды.

ЕО Қырғызстандағы саяси жағдайға байланысты мәлімдемесінде, президенттің өкілеттілігі жаңадан келген премьер-министрге берілгені күмән туғызатынын айтқан.

«Президенттің өкілеттілігі елдің Конституциясында жазылған ереже шегінде мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін сақтау, адам құқғын қорғап, еркіндікке кепілдік берумен ерекшеленеді. Сондықтан да, Жоғарғы кеңеш спикерінің президент өкілеттілігін премьер-министр Садыр Жапаровқа өткізіп бергені күмән туғызады», – деге Еуропалық Одақтың сыртқы саясат комитетінің жетекшісі Жозеп Берреп.

БҰҰ тарап та Қырғызстандағы саяси күштерді құқықтық нормаларды сақтауға шақырған. БҰҰ бас хатшысының баспасөз Стефан Дюжаррик мәлімдемесінде: «Қырғызстандағы жағдай бас хатшының назарында. Елдегі барлық саяси шешімдер барлық тараптың қатысуымен, ашық және Конституция шеңберінде жасалуын үміт етеміз», – деген.

Кеше, 15 қазан күні Қырғыз Республикасының президенті Сауранбай Жәнібеков (Сооронбай Жээнбеков) отставкаға кеткенін жария етті. Заң бойынша оның өкілеттілігі Жоғары кеңеш спикеріне өтуге тиіс. Алайда, сипкер өкілеттіліктен бас тартқандықтан президенттің құзіретті билігі жақында ғана түрмеден шыққан Садыр Жапаровтың қолына өтті.

“The Qazaq Times”