Ресейде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 11 493 адам жұқтырған. Ал жалпы 1 260 112 кейс тіркелген. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Соңғы 5 күн қатарынан COVID-19 таралу көрсеткіші 0,9 пайызды көрсеткен. Ресейде дәл осындай статистика мамыр айында тіркелген.

Қазіргі уақытта вирустан емделіп жатқан науқастардың саны 235 727-ге жеткен, бұл жалпы жұқтырғандардың 18,7%-ына сәйкес келеді.

Ресми мәліметтреге сүйенсек, Ресейде коронавирус індетінің таралуы артқан. Тек Ресейде ғана емес, әлем елдеріндегі инфекция көрсеткішінің өсуі алаңдатып отыр.

Ошағы Қытайдың Ухань қаласынан тараған COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны әле бойынша 36 миллионнан, көз жұмғандар саны 1 миллионнан асқан. Антирекорд бойынша төрттіктер тізімінде АҚШ (7.5млн), Үндістан(6.8млн), Бразилия(5млн) және Ресей (1.2млн) тұр.

"The Qazaq Times"