Еуропа елдері мигранттардың жаңа толқынына тап боламыз ба деп алаңдауда. Коронавирус пандемиясының әсерінде дағдарыстардан мекенін тастап Жерорта теңізі арқылы Еуропаға ағылған мигранттар саны көбейген.

Испанияның қоғамдық ұйымдарының мәлімдеуінше, Жерорта теңізінде 277 мигрантты құтқарып алған кеме енді он күннен бері Еуропаның порттарына кіре алмай тұр. Босқындардың еліне кіріп кеткенін қаламаған Еуропа елдері «құтқарушы кемені» теңіз айлақтарына жолатар емес.

Еуропа лидерлері болса пандемия тудырған дағдарыс себебінен Солтүстік Африка және Батыс Азиядан (Батыста Таяу Шығыс) Еуропаны көздеп алғылған мигранттардың саны көбеюі мүмкін деп алаңдап отыр.

Грекияның Лесмус аралында полиция қираған «Мария» лагерінен мыңдаған мигранттарды жаңа лагерге көшіріп жатыр. Өткен аптада «Мария» лагері өртеніп кеткеннен бері босқындар уақытша баспанада жасап келді. Лагерге өрт қойған деген айыппен төрт босқын тергеуге алынған еді.

Алдағы аптада Еуропа Одағы мигранттарға арналған жаңа саясатын жариялайды. Бұған дейін ЕО миграция дағдарысын өнімді шеше алған емес деп сынға алынған. Ал, босқындарды ашық теңізде құтқарып алған қайырымдылық ұйымдары Еуропаны жетілікті шаралар жасамай отыр деп сындайды. 2015 жылы Еуропа миграция дағдарысына тап болып тұрған тұста, Жерорта теңізін қайықпен кесіп өтпек болған 3 мыңнан астам босқын суға батып өлген еді.

“The Qazaq Times”