Жапонияның қорғаныс министрі Таро Коно Сенкаку (Қытай тарабы Дяоюдау деп атайды) аралдарының «әр сантиметрін» қорғауға дайын екенін және АҚШ бұл аралдарды қорғау үшін күресуге дайын деп ойлаймын деді.

Коно жоғарыда келтірілген мәлімдемені сәрсенбіде Уашингтондағы АҚШ-Жапон одағының 60 жылдығына арналған Уашингтон стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (CSIS) өткізген семинарда мәлімдеген.

Коно Қытайдың Сенкаку аралдарының теңізі мен әуе кеңістігіне кемелері мен ұшақтарын жиі жіберіп, өз иелігіне алыуға тырысқанын айтты. Ол, мысалы, осы жылдың сәуір айынан бастап маусымға дейінгі үш айда жапондық қорғаныс күштерінің ұшақтары Қытай әрекетіне байланысты 177 рет ұшуға мәжбүр болғанын келтірді.

Қытай бұл теңіз аймағын Дяоюйдау аралы деп атайды және оның өз териториясы деп санайды. Қытай әскерилері ұлттық территория мен егемендікті қорғау үшін жол бермейтінін жиі мәлімдеп келеді.

Сонымен қатар Коно Қытайдың экономикасы болашақта Америка Құрама Штаттарынан асып түсетінін және Қытайдан төнетін қауіпке АҚШ жалғыз өзі қарсы тұру қиын болатынын айтты.

Коно АҚШ, Жапония, Аустралия және Үндістан сынды төрт ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту дұрыс бағыт болмақ деді, ол әлемдегі барлық елдерді Бейжіңнің агрессивті әрекетіне бірігіп қарсы тұруға шақырды.

"The Qazaq Times"