Трамп үкіметі Америка Құрама Штаттарының Орта Шығыстағы стратегиясына бірқатар өзгерістер енгізді. Соның қатарында, өңірдегі америкалық әскерлердің санын қысқарту да бар. Осы айда Құрама Штаттар Ирактағы әскер санын 3 мыңға дейін қысқартуды жоспарлап отыр.

Қазір Ирак жерінде 5200 америкалық жауынгер әскери борышын өтеп жатыр. Қыркүйек айында бұл санды 3 мыға дейін қысқарту көзделген. Бұған Ирактың үкіметке қарасты күштерінің елді толық бақылауына алуы себеп болды делінген АҚШ қарулы күштері таратқан мәліметте.

Иракта қалған 3000 жауынгер ДАИШ тобының қалдық күштерімен күресте Ирак қарулы күштеріне кеңес беру және қолдау көрсету міндеттер өтейді. АҚШ әскерлеріне қоса, олар басқарған коалиция жасақтары да бар.

Ирак қарулы күштерінің позициясының шыңдалуы мен өңірдегі саяси өзгерістердің әсері өз алдында, бұл әрекеттерҚұрама Штат ендігі көбірек күшті әлемнің басқа нүктесіне, яғни, Үнді-Тынық мұхиты аймағына қарай аударатынын түсіндіреді.

“The Qazaq Times”