Денсаулық сақтау министрлігі бір ай бойы редакция сұратқан коронавирустық пневмонияның аймақтарға таралуы туралы деректі берді. Ведомство мәліметіне қарағанда, елдегі коронавирустық пневмонияның бүгінгі өсімі 8%-ға жеткен. 

Қазақстан Үкіметі коронавирустық пневмонияны әлі күнге дейін жүйелі түрде жариялауды жолға қоя алмай келеді. КВИ - немесе  U07.2 кодымен таңбаланатын дерттің қарқыны неге бәсеңдемей тұрғаны белгісіз. Ресми статистика бойынша, 28 мыңға тарта науқастың небәрі 6 мыңдайы ғана айыққан.

ДенМиннің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтің QT редакциясына ұсынған жауабында 1 тамыз-7 қыркүйек аралығында тіркелген кейстер қамтылған. Коронавирустық пневмония ең көп анықталған аймақтар қатарында ШҚО, астана, Қостанай облысы және Алматы қаласы көш бастап тұр. Ал аурудың тарау өсімі Түркістан облысы, астана, Алматы қаласы, Ақтөбе, СҚО, БҚО өңірлерінде 10%-дың үстінде. Бұл қауіптің беті әлі қайтпағанын көрсетеді.

Аймақтар Барлығы 1-7 қыркүйек

Өсім қарқыны

1

ШҚО 3 690 316 9,4%

2

Астана 3 212 347 12,1%
3 Қостанай облысы 2748 142

5,4%

4

Алматы қ. 2612 271 11,6%

5

Қарағанды облысы 1 965 115

6,2%

6

Павлодар облысы 1715 118 7,4%

7

Жамбыл облысы 1 669 53

3,3%

8 Алматы облысы 1 393 87

6,7%

9

Атырау облысы 1 346 29

2,2%

10

Түркістан облысы 1 223 142 13,1%
11 Ақтөбе облысы 1 037 106

11,4%

12

СҚО 1 000 100 11,1%
13 Қызылорда облысы 897 3

0,3%

14

БҚО 892 87 10,8%
15 Ақмола облысы 866 73

9,2%

16 Маңғыстау облысы 857 16

1,9%

17 Шымкент 639 43

7,2%

Республика бойынша 27 762 2 048

8,0%

Қазақстан  13 наурыздан бері коронавирус жұқтырғандардың өңірлер мен қалалардағы санын үзбей жариялап келеді. Бірақ «маусым-шілде қырғынында» талай отбасына қайғы әкелген коронавирустық пневмонияның аймақтық атласы министрдің уәдесіне қарамастан жолға қойылмай келеді. 3 тамыз күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, 10 тамыз ДенМиннің ресми өкілі Бағдат Қожахметов, 26 тамыз оның көмекшісі Ербол Мәндібек міне-міне деумен неше мәрте сөз берген. Сөз жартылай іске асты. Себебі Үкімет мүшесі, бір айдан бері ел алдына шықпаған министр Цой бұл деректің ресми ашық дереккөзде тұрақты жариялуға уәде еткен.

Бұл мәлімет coronovirus2020.kz сайты мен ДенМин ресурстарының ешбірінде жоқ. Ең қажетті екі сайт ең баяу жаңаратын күйге түсті.

"The Qazaq Times"