Facebook компаниясы АҚШ-тағы президенттік сайлауға бір апта қалғанда саяси жарнамаларды жариялауды тоқтататын болды.

Бірлестіктің басшысы Марк Цукербергтің айтуынша, мұндай шешімге қазір АҚШ қоғамының екіге жарылып, сайлау нәтижесінің жариялау соңы тәртіпсіздіктерге ұласу қауіпі түрткі еткен. Осыған байланысты компания жалған ақпарат пен дауыс беру қорытындысына байланысты мәлімдемелерді арнайы белгілермен белгілейді. Сонымен қатар індетті жұқтыруды алға тартып сайлауға қатыспауға шақыратын жазбаларды өшіріледі.

Қазіргі уақытта Америкадағы президент сайлауының датасын кейінге шегеру тақырыбы қызу талқыға түскен. Пандемия кезінде 3 қарашаға белгіленген сайлау «әділетсіз өтуі мүмкін» деп болжаған Трамп сайлау мерзімін өзгерту сценарийін ұсынған. Президенттің бұл ұсынысы демократтар мен сарапшылардың қатаң сынына ілікті.

АҚШ Конституциясына енгізілген 20-шы түзету президенттің және вице-президенттің «20 қаңтарда түске дейін» (қызметке кіргеннен кейін төрт жыл) мерзімінің аяқталуын қарастырады. Яғни егер сайлау тоқтатылса да, Трамп пен оның вице-президенті Майк Пенс өз өкілеттіктерін жоғалтады. Демек заңда қарастырылған нормаларды өзгерту АҚШ президентінің құзыретінде емес.

"The Qazaq Times"