Гонконгтағы эпидемияның толқыны біртіндеп бәсеңдеп, Гонконг үкіметі 1 қыркүйектен бастап жалпы халықты тестілеу бағдарламасын ресми түрде жүзеге асырмақ және 29 тамыздан бастап онлайн режимде кезекке жазылуды бастайтынын мәлімдеді.

Коронавирус эпидемиясы кезінде Гонконг шекарасы Қытаймен жарты жылға жуық жабылған болатын, сонымен қатар, карантин шектеулері туризм, қоғамдық тамақтану және бөлшек сауда салаларына қатты әсер етті. Ал жалпы халықты тестілеуге халық алаңдаушылық білдіруде себебі Қытай үкіметіне Гонконг халқының ген тапсырылама деп күдіктенеді.

Бейсенбідегі жағдай бойынша Гонконгта коронавирус жұқтырғаны расталған адам саны 4700-ден асқан, 79 адам өлімі тіркелген.

Гонконг үкіметі жоспардың мақсаты қоғамдағы инфекциялық ахуалды жақсарту, науқастарды тезірек анықтау, ерте анықтауға, ерте оқшаулауға және ерте емделуге қол жеткізуге деп мәлімдеді.

Тест ресми түрде 1 қыркүйекте басталып бір аптаға созылады. Егер Гонконг азаматтары тесттен өтуді қаласа онлайын тіркелу арқылы, тестілеу орны мен уақыт аралығын таңдай алады. Тесттің теріс нәтижесі көрсеткендерге SMS-арқылы үш күн ішінде хабарланады, ал оң нәтиже көрсеткендерге Гонконгтың денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды және оқшаулау мен емделу шаралары мемлекеттік ауруханада жалғасады.

Гонконг үкіметі жалпы халықты тестілеудің барлық шығындарын орталық үкімет көтереді деп мәлімдеді.

Бүгін Гонконг үкіметі жалпы тестілеуге 141тестілеу орталығы мен 6000 ға жуық медицина қызыметкері тартылатынын .

Гонконгтағы көптеген медициналық сарапшылар бұл жалпы ұлттық тестпен келіспейді.

Гонконг университетінің Инфекция және инфекциялық аурулар орталығының директоры Хе Болианг тесттің тиімділігіне күмәнданып қатыспайтынын мәлімдеді, бірақ азаматтардың қатысуына қарсылық білдірмейтінін айтты.

Сейсенбіде журналистермен кездескенде Гонконгтың бас атқарушы директоры Кэрри Лам осы жоспар іске қосылғалы кейбір сарапшылар мен дәрігерлер жобаның беделін түсіруде, бұл «саяси арандату» деді.

Былтырғы наразылық шарасы мен Гонконгтың «Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы» биыл іске қосылғаннан кейін, көптеген Гонконг тұрғындары ұлттық сынақтан кейін қан үлгілер мен ДНҚ Қытайға жіберіледі деп алаңдайды.

"The Qazaq Times"