Жексенбіде Fox News-қа берген сұхбатында Трамп АҚШ экономикасы Қытайдан төмендеп кетуі мүмкін деді.

Осы жылдың 15 қаңтарында Америка Құрама Штаттары мен Қытай экономикалық және сауда келісімінің бірінші кезеңіне қол қойғаннан кейін, әлемдегі екі ірі экономика арасындағы сауда соғысы уақытша тоқтады. Бірақ содан бері Трамп Бейжіңнің коронавирус індетімен күресуіне коңілі толмады және екі тарап келесі сауда келісімі туралы келіссөздер жүргізген жоқ.

АҚШ-Қытай қарым-қатынасы Гонконгтың ұлттық қауіпсіздік туралы заңы және Шыңжаңдағы адам құқығы сияқты мәселелерге байланысты шиеленісе түсті. АҚШ Хьюстондағы Қытай консулдығының жабылғаны туралы жариялаған, ал Қытай бұған қайтарма жауап ретінде Чэндудағы американдық консулдықты жапқан болатын.

Осы уақытқа дейін Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасындағы соғыс көбінесе технология тұрғысынан көрінді. Трамп АҚШ-тың жартылай өткізгіш чиптерін қытайлық компанияларға сатуды шектеуге жақындады. Америка Құрама Штаттары қытайлық компанияның әлеуметтік қосымшаларына Tik Tok және WeChat тыйым салатынын мәлімдеді, ослай екі ел ара-қатынасы шиеленсе түсті.

Екінші жағынан, Қытай әлі күнге дейін АҚШ-Қытай сауда келісіміне сәйкес американлық ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуда. 2017 жылғы келісімге сәйкес Қытай  екі жыл ішінде қосымша 200 миллиард АҚШ долларын құрайтын американлық өнімді сатып алуға келіскен. Бірақ келісім күшіне енген сәттен бастап, Қытайдың американлық өнімдерді импорты осы жылы американлық өнімдерді импорттау жоспарының төрттен біріне де жеткен жоқ.

Эпидемияның сұранысқа әсері Қытайдың америкалық өнімдерді импорттаудың мөлшеріне жетпеуі бір себебі болып табылады. Кейбір бақылаушылар Қытай келісімге сәйкес уәде еткен импорттық деңгейге жете алмайды деп санайды. Бірақ АҚШ-тың сауда өкілі Лигифизатор Қытай келісімнің бірінші кезеңін белсенді түрде жүзеге асырып жатқандығын мәлімдеген.

15 тамызда бастау жоспарланған АҚШ-Қытай сауда келісімінің бірінші кезеңін іске асыру туралы жиналыс Қытайдың Бейдайхе кездесуімен бір уақытта болу себепті кейінге қалдырылды. Қытай Сауда министрлігінің өкілі Гао Фэн бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында екі жақ жақын арада телефон арқылы келісімді іске асыруға келісті деп мәлімдеді. Алайда, сол күні Трамп әкімшілігі екі ел арасындағы келіссөздердің бірінші кезеңі бойынша кез-келген жоспарды қабылдаудан бас тартты деп хабарлады.

Осы жылдың маусым айында Қаржы министрі Мнучин АҚШ компаниялары Қытайда әділ бәсекелесе алмаса, АҚШ пен Қытай экономикалық қатынаста келісмге келе алмайды деп мәлімдеген.

"The Qazaq Times"