Жапония үкіметі Қытайдың Шығыс Қытай теңізіндегі даулы аралдар маңында әрекет етуіне алаңдаушылық білдірді және Қытайды бұндай әскери арандатуларды тоқтатуға шақырды.

Сейсенбіде  Жапонияның қорғаныс министрі Таро Коно Токиодағы Қытай елшісі Коң Хен У мен кездесіп, Қытайдың Сенкаку аралдарына және Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери жаттығуларына алаңдаушылық білдіріп, Қытайдан Сенкаку аралдарына жақын жерде әскери әрекет жасамауға шақырды. 40 минутқа созылған бұл кездесу Қытайдың өтініші бойынша өткен.

Өткен айда Жапония үкіметі Қытай кемелерін Жапон теңіз айдынына бірнеше рет кірді деп айыптаған. 4 тамызда баспасөз мәслихатында Қытай кемелеріне байланысты Жапония қорғаныс минисрі Коно: "Жапония қорғаныс күштері Жапон теңіз қауіпсіздігі бөлімімен бірлесе отрып, қажет болған жағдайда әрекетке көшеді", - деген.

Өткен айда Қытай Дяоюдао аралдарының Қытай жері екенін, Қытайдың онда құқық қорғау қызметімен айналысуға құқығы бар екенін тағы бір мәрте мәлімдеген.

Reuters агенттігі Қытайдың Сенкаку аралдары маңында балық аулау алдағы жексенбіде аяқталатынын, ал Жапон тарабы аймаққа көптеген Қытай кемелері мен балықшылар кемесі кіреді деп алаңдайды. Бірақ жергілікті Қытай билігі жергілікті балықшыларға Сенкаку аралдарына бармау туралы ескерткен. Reuters агенттігі бұл қадамға Қытай Жапониямен шиеленісті жеңілдету үшін барып отыр деп санайды.

"The Qazaq Times"