Беларусьте бұрын-соңды болмаған «демократия мерекесі» батыс басылымдарының бас мақала тақырыбына айналды. Еуроодақ шешімі, Ресей президенті Путиннің әрекеті және Александр Лукашенконың «Еуропадағы соңғы диктатурасы» қандай кульминацияға жетеді деген тақырыптар қызу талқыға түскен. Америкалық БАҚ-тың жазуынша, Беларусь халқының демократия жолындағы күресі басқа да авторитар жүйе қалыптасқан елдерге үлгі болуы тиіс. Ал француз либералды газеті Лукашенконы «Кеңес дәуіріндегі соңғы динозавр» деп атаған.

Александр Лукашенко кезекті президент сайлауынан кейін. Фото: https://cdn

Washington Post

Белорустер бізге авторитарлық хаоста адам құндылығын жоғары қойып, демократия үшін табанды күреуді үйретті. Еуропа Беларусьті Ресейдің геосаяси ойындарына тартпай, бостандықты қайтаруға көмектесуі керек.

Авторитар билік орныққан басқа да мемлекеттер Беларустьегі ірі оқиғадан үлгі алып, бұл жағдай сол елдің билік басшыларына дабыл болуы тиіс. Түптің түбінде халықтың еркіндікке деген ұмтылысы жеңіп, авторитарлық жүйе құлайды.

Times (Ұлыбритания)

Беларусь қара құрдымда: адам құқықтары тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге дүниетаным мәселесінде. Көп жақты дамыған және керемет білімді халқы бар ел билік ұстанған саясат салдарынан  «Еуропаның соңғы диктатурасы» атауын иеленді.

Батыс Беларусьтегі наразылықтарға бей-жай қарамайды, өйткені оларда айқын геосаяси субтекст жоқ. Қоғамның «еуропалық» және «ресейшіл» бөлігіне қарсы тұру жоқ. 1989 жылы Тяньаньмэньде болғандай, ешкім «Бостандық» мүсінінің жанына жиналмайды. Тіптен Минскіде Еуроодақ туы да жоқ (2014 жылға дейін Киевте де, Тблисиде де ЕО жалауы болған емес). демек Еуроодақ Беларусь халқының демократияға деген құлшынысын жоғары бағалап, көмек көрсетуі тиіс.

Дәл қазір елде орын алып жатқан қиын жағдай бұқараның басшылықты жеккөрушілігіне, билік саясатының қатыгездігі, әділетсіздігі мен ысырапшылдығына қарсы Ұлттық көтерілісі.

Беларуське орталық және шығыс Еуропа елдері үшін геосаяси ойындағы фишка емес, еркіндікті аңсайтын қоғамы бар мемлекет ретінде қарайтын кез келді. Біз әлі күнге дейін демократия тағдырын талқылап жүргенде, беларусьтар нақты әрекет етіп жатыр. Олар адам құндылығын, құқық мәселесін бізден артық түсінетін қоғамға айналды.

Monde (Франция)

Беларусьпен шекаралас Еуропалық одақ үшін бұл Минскіні көтеріліске шығару немесе Батыс лагеріне тарту мәселе емес. Бұл – ЕО құрған демократия мен заңның үстемдігі қағидаттарын қорғау мәселесі.

Одақтың 27 елі репрессияны айыптап және азаматтардың еркін сайлауға деген ұмтылысына саяси қолдау көрсетуі керек.

Ббилік беларусьтердің сацлаудағы дауысын бірінші рет ұрлап, бірінші рет соққыға жыққан жоқ. Бұған дейін де халық пен авторитар билік арасында қақтығыстар болған. Халықтың репресияға қарсы күресі жоғары деңгейде. Алайда сыртқы күштердің көмегінсіз олардың жеңіске жетуі екіталай. Демократиялы елдер қолдау көрсетпесе, Лукашенконы құлату қиын болмақ.

New York Times (АҚШ)

Лукашенко халыққа зорлық-зомбылық көрсетіп, әскер жалдау арқылы тойтарыс бере алмайтынын көрсетті. Беларусьтер алған бетінен таймай, жеңіске бір қадам жақындады.

Александр Лукашенко елдегі наразылықтардың артында бірнеше жасырын адамдар тұр деп санады. Бірақ наразылық шерулерін ұйымдастыруға сыртқы фактор ықпал еткен жоқ. Бұл – халықтың бостандыққа, демократиялы ел болуға талпынысынан туған наразылық. Ал Лукашенкоға Путиннің қандай көмек көрсетері белгісіз.

Минсктегі митинг. Фото: REUTERS

Standard (Аустрия)

Белорустер 2010 жылғы президенттік сайлаудан кейін митингке шықты, бірақ ол қазіргідей ауқымды болған жоқ. Себебі қазір халықтың басым бөлігі оппозицияға қосылған.

Ел тұрғындары дамыған батыс елдерінде білім алып, қызмет кеткен. Сондықтан да олар нағыз демократияның, әділ сайлаудың қандай екенін жақсы біледі. Кез келген адам билік пен халық арасындағы диалогтың нәтижелі болғанын қалайды. Өзін айқын жеңіс иесі санайтын президент Лукашенко 26 жылдағы басқаруынан кейін қазіргі жағдайға қандай реакция танытарын білмей әлек. Беларусь билігі бейбіт тұрғындарды соққыға жығып, қорқыту арқылы наразылықтарды тоқтатамыз деп ойлады. Бірақ бұл мақсаты құрдымға кетті. Халық шыдамының шегін көрсетті.

Libération (Француз либерал басылымы)

Қырымды басып алғаннан кейін Путин саяси ойын, қақтығыстарды шешуге қабілетті екенін көрсетті. Бірақ ол індет пен экономикалық дағдарыс өршіп тұрған кезде жаңа майдан ашуға дайын ба? Украинаға қысым көрсеткен Ресей аз ғана халқы бар Беларусь жерінде ойран сала алмай ма? Осы сауалдар Еуропалық одақ басшылығын ойландыруы тиіс.

Еуропа адам құқықтарын таптайтын мемлекеттерге экономикалық санкция енгізіген құба-құп. Бірақ ЕО бұл қадамды өз мәртебесін арттыру үшін емес, халыққа көмек ретінде жасауы керек.

Gazeta Wyborcza (Польша)

Лукашенко Ресей саясаты мен сыртқы күштердің ықпалы елде қан төгуге мәжбүр етті дейді. Халықпен ашық диалог орнатуға бірнеше мәрте оқталғанмен, наразылар құлақ аспайды. Билік бүгінгі ахуалдан үркіп отыр. Бұл Беларусь билігінің жарқын болашаққа үмітсіздігі пен сенімсіздігінің белгісі.

Қазіргі жүйе – билікті Путинмен бөліскісі келмейтін және оның вассалы болғысы келмейтін диктатор үшін логикалық және дәйекті саясат. Енді Лукашенконың өзі егемендікке қауіп төндіріп отыр. Ал Беларусь тәуелсіздігінің қорғаушылары өз үстемдігін сақтап қалуды мақсат еткен президенттің басты жауларына айналды. Билік халыққа ашық түрде репрессия жасай бастады. Нағыз майдан қайталанды.

"The Qazaq Times"