Алматы қаласы Дін істері басқармасы 2016 жылы дін саласындағы мемлекеттік саясатты қоғам арасында түсіндіру, деструктивті және жалған діни ағымдардың зиянын ашып көрсетуге бағытталған 4 бейнефильм («Кері ағымдар», «Дін мен дәстүр»,«Сектор хаоса», «Правда о лжи») әзірледі.

Аталған бейнефильмдер Қазақстан Республикасы Дін істер және азаматтық қоғам министрлігі Дін істер комитетінің дінтану сараптамасының оң қорытындысына ие болды.

Аталмыш бейнефильмдер кітапханаларда, музейлерде өтетін іс-шараларға орай, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында (252 орын) көрсетіледі. Іс-шараның негізгі міндеті жас буын өкілдерінің бойындағы діни сауаттылықты жетілдіру болып табылады.

Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры

Уақыты: 8 cәуір, сағ. 10:00

“The Qazaq Times”