Әлем көшбасшылары жексенбіде Ливанға өткен аптадағы жарылыстан шеккен зардапты қалпына келтіруге көмек қолын созуға келісті, бірақ олар нақты қанша ақша беретінін жарияламады.

Бұл конференция тікелей Франция президенті Макронның ұйымдаструымен өтіп. Онда көмек уақтылы және ливан халқының қажеттілігне сай, көмек қолымызды созуымыз керек деп мәлімдеді.

Әлемнің ірі державалары Ливанға берілген көмекті ашық пайдалануды талап етеді және Ливан үкіметіне көмек көрсетуде сақтана әрекет етеді, себебі көптеген ливандықтар үкіметін жемқор деп санайды. Сонымен қатар Иранның Ливанға әсер етуінен алаңдайды.

Макрон бейнеконференцияда қатысушы елдерге бәріміз бірлесе отырып Ливан халқына қолдау көрсетуіміз керек, көмек жұмыстарын Біріккен Ұлттар Ұйымы атқарады делінген.

Конференцияда АҚШ президенті Трамп кем дегенде 158 адам қаза тауып, 6000-ға жуық адамды жарақаттаған жарылысты әділ,әрі тәуелсіз тергеуге шақырды.

Ақ үй Трамп «Ливанда бейбітшілік орнатуға шақырады және бейбіт наразылық білдірушілердің  заңды өтініштерін мойындайды» деді.

АҚШ тарабы Трамптың нұсқауы бойынша Ливанга азық-түлік, су және медициналық керек-жарақтардан бастап жедел көмек көрсетті. Сонмен қатар зардап шеккендерге 17 миллион доллардан астам көмек көрсетуге уәде берді.

"The Qazaq Times"