Қазақстан халқы көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, қазақстандықтар жабық нысандармен бірге көшеде және көлікте маска тағып жүруге міндеттелді. COVID-19 бойынша күдікті адамға көмектесетін сау азаматтарға және коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуға жатады. Бұл талап сақталмаған жағдайда кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 17,2 миллион. Қайтыс болғандар 672 мыңнан асты. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда эпидемия басталғалы барлығы 89 078 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған. Сарапшылар Қазақстандағы коронавирустан қайтыс болғандардың санына күмәнмен қарайды. Себебі билік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасына аптасына бір рет жариялап отыр және коронавирус жұқтырған кем дегенде 319 марқұмды «өліміне басқа дерт себеп болды» деп ресми статистикаға қосқан жоқ.

"The Qazaq Times"