Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жаппай вакцинациялауға қарсы шыққандарды сынға алды. АР агенттінің хабарлауынша, Джонсон коронавирусты жеңу үшін халық екпе қабылдауы тиіс деп санайды. 

Министр Лондондағы ауруханалардың бірінің мейірбикелерімен кездесу кезінде: «Қазір екпелерге қарсылық танытушылар көп. Олардың есі дұрыс емес» деп бірнеше рет қайталаған. Алдағы уақытта Ұлыбритания билігі алдағы уақытта халықты тұмауға қарсы егу бойынша ауқымды шара өткізуді жоспарлап отыр. Азаматтардың кей тобын тегін егу де қарастырылған. Мұнымен қатар жергілікті билік коронавирустың екінші толқыны алдында денсаулық сақтау саласына түсетін жүкті жеңілдетуді көздеп отыр

Бұған дейін Біріккен Корольдік BioNtech, Pfizer және Velneva компаниялары өндіретін вакцинаның 90 млн дозасына тапсырыс берді. Әңгіме екі екпе жайлы өрбіп отыр. Ел билігі генетикалық код фрагменті бар вакцинаны әзірлейтін BioNtech және Pfizer альянсына 30 млн дозаға, ал Valneva компаниясына 60 млн көлемінде тапсырыс берген.

Сонымен қатар Ұлыбритания Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның 100 миллион дозасына тапсырыс берген болатын. Оған Ресей де қызығушылық танытып отыр. Екі күн бұрын «Р-фарм» ресейлік компаниясы вирусқа қарсы екпе сынақтан сәтті өтсе, өзге мемлектетермен келісімшарт жасайтынын хабарлады.

"The Qazaq Times"