Еуропарламент коронавирус пандемиясынан зардап шеккен Еуроодақ елдері экономикасын қалпына келтіру туралы резлюцияны бекітті.

Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельдің айтуынша, шамамен екі айдың ішінде 1,8 триллион еуро болатын келісімге қол қойылған. Аталған құжат Одаққа мүше мемлекеттер басшысы 5 күн бойы талқылаған саммитте қабылданған.

Еуропалық парламентте резолюцияны 465 депутат қолдаса, 150 депутат қарсы дауыс берді. 67-сі қалыс қалды. Бұл жолы бекітілген жоспарда бірнеше өзгерістер бар: денсаулық сақтау саласы, зерттеу мен білім беру бағдарламалары, климатты қорғау, ішкі және сыртқы көші-қон саясатына қаржыландыру көлемі қысқартылған.

Жиында коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған экономикалық тығырықтан шығу мәселесі де қызу талқыланды. Жеңілдетілген несие түрінде берілетін қаржы көлемі 360 миллиард еуроға дейін ұлғайтылды. Бұл соманы одақ халықаралық банктер мен қаржы ұйымдарынан қарызға алмақ. Оның басым бөлігі алдағы 2 жылда жұмсалуы тиіс. Бұған дейін Пандемия кезінде экономикалық дағдарысты алдын алу мақсатында Еуроодақ елдері саммит өткізген. Үш күнге созылған жиында тараптар кезекті мәрте ортақ келісімге келе алмай, саммит нәтижесіз аяқталған.

"The Qazaq Times"