«Карантин шаралары коронавирусты тоқтата алмайды», – деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.

ДДСҰ басшысы Тедорс Аданом Гебрейсустың сөзінше, карантин вирусты тоқтата алмайды, ол оның таралу қарқынын бәсеңдетеді.

«Вирустың шығу ошағын таппаса, бірде-бір ел эпидемияны бақылауда ұстай алмайды. Карантин шаралары коронавирусты тоқтата алмайды. Ол тек оның таралу қарқынын баяулатады», - дейді Гебрейсус.

Жақында Қазақстан билігі коронавирус індетінің өршуіне байланысты тамыз айының 2-іне дейін карантин шараларын күшейткен. Өткен аптада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1-ші тамыздан бастап вирустық пневманиямен ауырғандар санатын коронавирус статистикасымен қосып есептелетінін мәлімдеген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 72 мыңға жуық коронавирус індетін жұқтыру дерегі тіркелген. Эпидемия басталғалы бері елде вирустан 585 адам қайтыс болған.

"The Qazaq Times"