Бүгін Гонконгта «Қытай Ұлттық қауіпсіздік агенттігі» ресми түрде ашылды. Осылайша, қытайлық ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Гонконг тұрығындары мен көптеген елдердің наразылығына ұшыраған заңды ресми атқара бастады.

Гонконгтегі Ұлттық қауіпсіздік агенттігі кеңсесі заң қабылдана салысымен бірден құрылды, оның штаб-пәтері уақытша Виктория Харборына жақын жердегі «Уэй жииң» қонақ үйінде орналасқан.
Agence France-Presse хабарында, аталған агенттіктің ашылуына Гонконг үкіметі мен полиция қызметкерлері қатысқанын. Қонақ үйдің сыртына Қытайдың елтаңбасы ілініп, байрағы көтерілген. Полиция қонақүй алдына бөгеттер қойып, жолдарды жауып тастаған. Бұл Қытай билігінің Гонконгқа қатысты заңды атқаруға ресми түрде кіріскенін көрсетеді.
Бейжің даулы заң жобасын өткен аптада қабылдаған болатын. Бұл заң жобасы шетелдік бөлшектеуші күштер мен терроризмге қарсы заң жобасы ретінде көрсетілген. Заңның толық мазмұны әлі күнге дейін құпия және бұл заңға Гонконгтың заң шығарушы органдары қарсы шықпады.

Жаңа заң қабылдауына байланысты Қытай мен батыс елдері арасындағы қайшылық одан әрі ушыға түсті. АҚШ тарабы Қытайға бағыттап санкция жобасын дайындаған болса, ал ағылшындар бұрынғы иелігндегі ел тұрғындарыннан алаңдап, Гонконг тұрғындарына Британ жеріне көшуге рұқсат беретінін мәлімдеген. Бұндай қайшылыққа қарамастан қарамастан Қытай бүгін Гонконгта Ұлттық қауіпсіздік агенттігнің кеңсесін ашты.

"The Qazaq Times"